Get Mystery Box with random crypto!

27 МАУСЫМ - АРАПА КҮНІ Пайғамбарымыз: 'Арапа – артықшылығы | ЕРЛАН АҚАТАЕВ KURAN_MUGZHIZA

27 МАУСЫМ - АРАПА КҮНІ Пайғамбарымыз: "Арапа – артықшылығы мол күн. Ол артықшылығы жағынан қасиетті жұма күніне ұқсас. Ол жұмадан басқа күні жасалған жетпіс қажылықтан артық. Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға", - деген. Сондықтан Арапа күні алақан жайып Алладан өзіңізге, отбасыңызға, ел-жұртыңызға амандық тілеп, жәрдем сұраған жөн. Бұдан бөлек Арапа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере сала "Аллаһуммә әнтәссәлам..." дұғасын оқымай тұрып, уәжіп болған тәшриқ тәкбір дұғасын оқуы керек. Әйелдер дауысын шығармай, ішінен оқиды. Парыз намаздарынан басқа айт және жұма намаздарынан кейін де оқылады. Тәшриқ тәкбірі: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Ла илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лилләһил-хамд". Кейбір ғалымдар Арапа күні "Ықылас" сүресін барынша көп, тіпті мың рет оқудың артықшылығы туралы айтқан. #қмдб