Get Mystery Box with random crypto!

Йа, Раббым мені жаратқан жоқтан бар қылып, Сендегі қуат, сенд | Күнделік ~ 📓🖊

Йа, Раббым мені жаратқан жоқтан бар қылып,
Сендегі қуат, сендегі билік мәңгілік.
Иландым сенің біріңе және барыңа,
Иманның туын қоймашы менен алдырып.

Осынау жасым аз ба екен әлде көп пе екен?
Қас қағым сәтте балалық шағым өтті екен.
Көзімді тыйып, өзіңді сүйіп йа, Рахим,
Өзімді өзім күнәдан енді шектетем.

Көрік бердің ғой көз тартар көркем келбетпен,
Өнер де бердің талайдың бойын тербеткен.
Иірімінде тура жол берген жалғанның,
Мейірің менен пейілің сенің кең неткен!

#үзінді
Күнделігің

https://t.me/kundelik_oi