Get Mystery Box with random crypto!

Имам Науауи (рахимаһуллаһ) айтқан: ‎فهذا اليوم أفضل أيام السن | Ерген Құмаров

Имам Науауи (рахимаһуллаһ) айтқан:

‎فهذا اليوم أفضل أيام السنة للدعاء، فينبغي أن يستفرغ الإنسان وسعه في الذكر والدعاء وقراءة القرآن ، وأن يدعو بأنواع الأدعية ويأتي بأنواع الأذكار ، ويدعو لنفسه ووالديه وأقاربه ومشايخه وأصحابه وأصدقائه وأحبابه وسائر من أحسن إليه وجميع المسـلمين. وليحذر كل الحذر من التقصير في ذلك كله، فإن هذا اليوم لا يمكن تداركه.

«Расында, бұл күн (Арафа күні) – дұға қылуға қатысты келген жыл күндерінің ішіндегі ең абзал күн. Сондықтан да, мұсылман адам бұл күнді барынша зікірмен, дұғамен, Құран оқумен, түрлі-түрлі дұғаларды жасаумен және түрлі-түрлі зікірлерді айтумен өткізуі тиіс. Әрі бұл күнде өзі үшін, ата-анасы мен туысқандары үшін, шейхтары (ғалымдары, ұстаздары) мен достары үшін және жақын жандары мен оған жақсылығы өткен барлық мұсылмандар үшін жақсы-жақсы дұға-тілектерді жасауы керек. Сондай-ақ, бұл күнде осы істерде кемшілік жіберуден сақтану қажет. Өйткені, егер бұл күн (ешбір пайдасыз) өтіп кететін болса, оны кері қайтару (оның орнын толтыру) мүмкін емес».
Әл-Әзкар (333).