Get Mystery Box with random crypto!

Kulan Mektepbergen

Telegram арнасының логотипі kulanman — Kulan Mektepbergen K
Telegram арнасының логотипі kulanman — Kulan Mektepbergen
Арна мекенжайы: @kulanman
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Басқа жерде жазуға болмайтын темалар осы каналда болады, кеттік пе?

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2019-12-13 23:24:11 Дубайға баруға қанша кетеді? Вертолет қанша екен?

Жалпы Дубай ұнады, арабтарға таң қалдым. Бір жұмыс істеп жүрген арабты көрмедім, жұмыстың бәрін басқа елдің азаматтары (индустар, пакистан, қырғыздарды көрдім) істеп жүр. Аэропорттан түскенде ең бірінші туалетіне кірдім, тап таза. Ішінде екі қара жігіт тұр, қолдарында швабра, адам шықса артынан бірден барып тазалап жатыр. Аппақ жұп-жұмсақ салфеткалар, қол жуатын сабындары керемет. Шыққан соң, бірден паспортный контрольға бардық. Адам көп қазір күтеміз ғой деп тұрғанда, қолымыздағы баланы көріп, барлық жерден кезексіз өткізді. Әйелім мәз, Дубайға көшеміз деп қояды

Біз rixos premium dubai деген 5 жұлдызды қонақ үй алдық, бағасын booking.com көрсеңіз болады. Біз тур оператор арқылы алдық, менің ойымша бірінші рет бара жатсаңыз тур алғаныңыз тиімді. Отельге сөзім жоқ, 2 сағат сайын комнатаңды жинап тұрады. Тамақтарынан семіріп кетесіздер, өте дәмді және көөп. Басында әйелім молодец путевканың ақшасын ақтады, қайта қайта комната жинап қояды деп жүрсем, отель қызметшілері екен ғой

Турды happy world travel компаниясынан алдық, Олеся деген менеджерге бір шоколад алып кіріп шығу керек. Менің жеке көмекшім сияқты сезім берді. Самолетте орнымды ауыстырып беріңіз дегенде, Air Astana-ға хабарласып, “мой Шеф попросил это очень важно” дегенде өзіншеее болып қалғансың ғой

Бірінші күні Виктория деген қыз келіп я ваш гид анау мынау, мында барсаңдар болады деп бағаларын айтып кеткен, мен келістім даже. Сөйтсем оның бағалары кәдімгідей қымбат екен. Абу Дабиға баратын болсаңыз, кез-келген таксиге айтсаңыз 600-700 дихрамға апарады. Бүкіл Абу Дабиді көрсетеді. Енді ағылшынша білмесеңіз, переводчик бар. Ең бастысы ниет және көп күлімдеңіз. Күлкі бұл қару!

Вертолет Heli Dubai деген жерден ұшады. Билетті осы жерден тікелей алыңыз. Сайтына кіріп ватсапқа жазып сөйлесе беріңіз, тоже переводчик бар если что. Потом олар төле деп, счет қояды. Адам басына 604 дихрам болды. Теңгемен 64мың тг. Енді бұл керемет сезім міндетті түрде көріңіз.

Менде барлығы қанша ақша кеткенін білмеймін, санамадым. Менің ойымша орташа демалып қайту үшін екі адамға 500мың тг кетеді 7 күнге. Әрине вертолетке мінемін, Абу Дабиға барамын Феррари айдаймын, киім аламын, ішем жеймін демаламын десеңіз кете береді ғой миллиондап. В общем солай.
8.3K views20:24
Ашу / Түсініктеме
2019-08-13 16:08:18
Әдемі болып жүрсеңіз, өміріңіз де әдемі болады
10.5K views13:08
Ашу / Түсініктеме