Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграмда прямой эфир өткіздім. 520 адам отырды, бұл әзірге | Kulan Mektepbergen

Инстаграмда прямой эфир өткіздім. 520 адам отырды, бұл әзірге менің жеке рекордым. ИншаАллах одан да асамыз.

Ақшаға қатысты темаға қозғалған разбор форматында өтті. Сонда адамдар не қалайтынын білмейтінін мойындады. Яғни, ақшаның не үшін табу керек екенін білмейді.

Әйтеуір мақсат қоюды немесе жоспар жасайды. Бірақ сол қойылған мақсаттар кейде адамды түсініксіз жағдайға апарады. Күні бойы жата бересің, дым істемейсің, бір нәрсе жасауға особо желание жоқ.

Бұл жағдай тағы басымызда көп ойлар болғанда болады. Ал адам өз ісін тапқан кезде, оны тоқтату мүмкін емес. Керісінше оның энергиясы көп болады. Ол сол мақсаттардан заряд алады.

Шынымен не қалайтыныңызды білмесеңіз, мойындаңыз. Бұл нормально. Мойындасаңыз, әр түрлі әрекет нәтижелері сізді сүйікті ісіңізді табуға итермелейді.

Армандарыңыз шынымен сіздікі ме? Қоғам басыңызға шаблон қылып салып тастамады ма? Бір түрлі болудан қорқасыз ба? Ал, дәл осылай жүргеніңізде шынайы қалаған армандарыңыз бен мақсаттарыңызды білмей немесе біліп оны орындауға уақыт таппай, үлгере алмай қалудан қорықпайсыз ба?

Қазір төменде мықты жаттығу саламын. Наушник киіп соны тыңдауға дайын болыңыз. Терең ойлар, шынымен нені қалайтыныңызды осы жаттығу көрсетіп береді. Тыныш бөлме, ыңғайлы жататын орын болса, бірақ ұйықтап қалмауға тырысыңыз. Және сол ойларды жазып алыңыз.

30 күн бойы қайталап жасасаңыз, тіпті керемет болады. Сәттілік