Get Mystery Box with random crypto!

Бастаған істі қалай быт шытын шығаруға болады? Бұл пост әдемі | Kulan Mektepbergen

Бастаған істі қалай быт шытын шығаруға болады?

Бұл пост әдемі басталып келе жатқан жобаның неліктен құлайтыны туралы. СММ мамандары, дизайнерлер, копирайтерлер, фрилансерлер және “мұнда өз мамандығыңды қой” маңызды емес барлығы клиентпен жұмыс істеу барысында мына бір үлкен қателікті жасайды. Бұл қателікті елдер қателік деп ойламайды, бірақ дәл осы қателік бүкіл істі артқа тартады.

Бұл қателікті мен “Самолечение” деп атаймын.

Былай ғой, саған бір клиент өз жобасымен келеді. Сен стратегиясын сызып, аудиторияны сегменттерге бөліп, креатив жасап, ары-беры әйтеуір рекламаны жіберіп белгілі бір нәтижеге жетіп, клиентпен талқылайсың.

Талқылау барысында, клиент саған “а давайте былай жасайық...” деп өз ұсынысын айтады, ал сенің жауабың “нуу, болады жасауға” болса, сол сәтте жоба өледі.

Неге? Өйткені басында рөлдер четко бөлінген. Ол клиент, сен кәсіби мамансың. Саған ақшаны кәсіби маман болғаның үшін төлейді.

Клиент сол жобаға кәсіби маман болмай өз пікірін қосып, өз инициативасын танытып және сол шешімге сен өз стратегияңнан бас тартып келіссең, барлық иерархия құлайды.

Ары қарай, клиентте диссонанс. Егер сен тез өз кәсіби стратегияңнан клиенттің “а давайте былай жасайық...” деген сөзінен өзгере салсаң, сенің бағаң жоқ немесе тиын. Ал сенде мүмкін кәсіби стратегия болмаған шығар?

Сол клиент өзі кіріскен кезден бастап, сен уже кәсіби маман емессің. Саған сенбейді, клиент бүкіл басшылықты өз қолына алып “боқтан үй соғады”. Құрылысшы сен

Фриланс нарығына мыңдаған жауынгер шығарып байқағаным осы. Мамандар “клиент всегда прав” дегенді дұрыс түсінбей жатады.

Қалай болуы керек? Клиент өз идеясын, қалауларын айтады. Иә, талқыла, тыңда, қолда. Клиент өз жобасы үшін жан таласады. Сен жобаның сапасына тікелей жауаптысың. Бірақ соңғы шешім кәсіби маман ретінде сенде болуы керек. Өз стратегияңнан, шешіміңнен бас тартпа.

Қорытынды: клиент көмектеседі, бірақ пікір қоспайды. Ал кәсіби маман клиенттен керек ақпаратты алып, кәсіби шешімін ұсынады.

“Самолечение” қауіпті. Самолечениемен айналысқаннан бастап, дәрігер ол пациентке жауапты емес. Қанша адам өзін емдеймін деп, ауруын асқындырып, өліп кетті?