Get Mystery Box with random crypto!

Сонымен айтқаным айдай келіпті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 8 | Қуат Ахметжанов

Сонымен айтқаным айдай келіпті. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетіпті. Осылай болатынын көріпкелдігім ұстап, алдын ала біліп едім)).
Дегенмен байқаушы болған бауырлар осы жолы сайлаудың әділ өткенін айтып жатыр. Жәшікке артық бюллетень салынбапты. Әркім өз мекенжайы бойынша дауыс берген көрінеді. Бұл туралы шетелдік байқаушылар да жарыса сұхбат беріп жатыр. Шетелдік сарапшылар сайлау процесін жоғары бағалапты. Мысалы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин шетелдік журналистердің қатысуымен өткен брифингте сайлау процесі жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтыпты. Айтуынша, байқаушылармен бірге 22 учаскені аралап шығыпты. Ал Палестинаның Қазақстандағы елшісі Монтасыр Абузеид 13 учаскені аралапты. Барған учаскесінің барлығында да ешқандай бұзушылық болмағанын ағынан жарыла айтыпты. Биылғы сайлауды 2019 жылғымен салыстырған "Vision Global Trends" (Италия) жаһандық сараптау халықаралық институтының төрағасы Тиберио Грациани биыл сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды депті. Ал Қазақстандағы сайлау процесін алғаш рет көрген Азия жөніндегі итальяндық институтының бас хатшысы Доменико Пальмиери сайлаушылардың азаматтық міндетін орындаудағы белсенділіктеріне тіпті таң қалыпты. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының антитеррорлық саласы бойынша өңірлік төрағасы Артур Голованов Қазақстанның қауіпсіздік жағын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына тәнті болыпты.
Не десек те, биылғы сайлау процесінің әділ жүргізілетініне аса күмәнім болмаған.