Get Mystery Box with random crypto!

Қостанай облысындағы activ/Kcell абоненттеріне өңірдегі төтенш | Қуат Ахметжанов

Қостанай облысындағы activ/Kcell абоненттеріне өңірдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан бойынша басқа операторлардың абоненттеріне қоңырау шалу үшін 45 минут және 8 ГБ мобильді интернет-трафикті қамтитын бонустық топтама берілді.
Оператор 220 мыңға жуық абонентке қолдау көрсету арқылы бүкіл облысты қамтыды. Компания мамандарының айтуынша, 220 мыңның үштен бірі алдын-ала төленген пакеті жоқ абоненттер, сондықтан оператор қосымша желі ішінде тегін қоңыраулар жасауға бірліктер берді. Берілген ресурстар 2022 жылғы 4 қыркүйектен бастап 7 күн бойына жарамды болады. Баланстағы қалдықты **111*3#* пәрмені арқылы тексеруге болады.
Кеше мобильді оператордың абоненттері қолдау сөздері жазылған смс-хабарлама алды, онда: «Қостанай облысының тұрғындары, осынау сын сағатта біз бүкіл елмен бірге сізді қолдай отырып, моральдық тұрақтылық тілегіміз келеді. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жарқын болашаққа сеніңіз!» делінген. Kcell мамандарының айтуынша, бұл жеңілдіктерге қоса, компанияның колл-орталығына 116 қысқа тегін нөмірі бойынша қоңырау шалуда Қостанай облысына басымдық берілетіні айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ТЖМ жедел желі телефондары жұмыс істейді, сонымен қатар психологтардың қызметі ұйымдастырылған:
8 7172-53-32-84, 8-7142-50-36-24, сондай-ақ, 112 және 101 телефондарына хабарласуға болады.

Kcell баспасөз қызметі