Get Mystery Box with random crypto!

Қазіргі уақытта 2 елді мекенде, М-36 Республикалық трассасының | Қуат Ахметжанов

Қазіргі уақытта 2 елді мекенде, М-36 Республикалық трассасының бойында, сондай-ақ орман аймағының 8 учаскесінде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өртті сөндіруге 159 бірлік техника, 5 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 1332 адамы жұмылдырылды: ТЖМ - 58 бірлік техника, жеке құрамның 359 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Нұр-сұлтан Қ., Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.)); ІІМ-жеке құрамнан 660 адам, 60 бірлік техника; Қорғаныс Министрлігі - жеке құрамнан 169 адам, 2 тікұшақ; Орман шаруашылығы - 33 бірлік техника, 86 адам орман күзеті; «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-17 адам,2 бірлік техника, 1 әуе көлігі кеме; ЖАО - 5 бірлік техника, 20 адам. «ҚТЖ» АҚ - 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам).
Аманқарағай, Лесное, Озерное елді мекендерінде өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам),Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.