Get Mystery Box with random crypto!

#Сенің_махаббатың... #Элис 1/? Адамдар және қансорғыштар. | 🍒Classik_world🍒

#Сенің_махаббатың...

#Элис


1/?

Адамдар және қансорғыштар. Бұлардың жаратылысы екі бөлек.Қонсорғыштардың түр әлпеті адамдікіндей болса да, олар тым қауіпті еді...MMXXI-ғасыр... Бұл ғасырда адамдар мен бірге қансорғыштар да өмір сүрген.Олар екі түрлі әлемде тұрса да, олардың жүрегі қорқынышқа толы еді. Себебі: кез келген минутта қансорғыштардың жемтігіне айналу...Олар екі әлемде тұрғанымен қансорғыштар адамдар әлеміне емін еркін кіріп шығатын. Ал адамдар,қансорғыштар әлеміне кірсе әрине тірі шықпайтыны анық... Ол жерге тірі адам бармақ түгілі барамын деп жоспарламайды,тіптен "қансорғыш" деген сөз ауыздарынан шықпайтын...
Бұлай созбақтай бермей тарихи оқиғамызды бастайын. Сонымен қазір біздің басты кейіпкерлердің кездесуі болады қорқыныш басым болса қорықпауға тырысамыз.

Түн жарымы сағат түнгі 3:40-С/е ойланып төсегінде жатыр. Күні түні ойлайтыны бір нәрсе ол "қансорғыш" ...
-Туф ұйқы жоқ болды ғой! Қашанға қансорғыштан қорқып жүрмекпіз? Бірақ амал нешік оларға біздің сөзіміз жүрмейді! Яиии қандай жаман мен сондай қорғансыз! Және қолымнан ештеңе келмейді!-деп басын ұстап төсекке ары бері аунай кетті. Бірде С/е-ні қыздың шыңғырған ащы дауысы шошытып жіберді. С/е дауысты ести сала орнынан атып тұрды.
-Не болды өзі?!-деп терезеден пердені сәл ашып далаға көз тастады.Әрине терезеге жандау тым қиын сондықтан С/е қолын қатты қысып терезеден сәл үңілді. Көшеден қызды және жанындағы қорқынышты адамды көзі шалды. Қыздың дірілі алыста қарап тұрған С/е-ге де білініп сезіліп тұрды.С/е-де қызға жаны ашып тұрды. Бірақ С/е ол көріністі көргісі келмей көзін жұмып алды.Бірде көзін ашқанда жаңағы қорқынышты қансорғыштың өзіне тесіле қарап тұрғанын көрді. Бұл қорқынышқа қыз шыдай алмай,жерге сылқ отыра қалды.
-Ол мені көріп қойды енді мені өлтіреді ме?-деп қыз дірілдеп.Сол сәтте С/е-нің терезесін біреу қаққанда қыздың қорқынышы үдей түсті.
-Ол менің тереземді қаққан жоқ шығар!-деп қыз іштей ойланды,тілін тістеп алған. Ол тізесін құшақтап,...Тіпті құлағына дейін жауып алған дерсің.Осылай С/е біраз отырды, бірде бәрі тынышталғандай болды. Қыз орнынан тұруға тырысты бірақ қорқып зәресі зәр түбіне кетті. Қорқынышын баса алмай біраз отырды,солай орнынан тұрды да,терезеге қарады. Ешкім жоқ әлгі қорқынышты қансорғыш кетіп қалғанға ұқсайды. С/е бұны көріп арқасынан үлкен жүк түскендей болды. Бірақ сондада қорқып қалған.
-Яйщ оның көздері,жүзі, денесі тіптен қорқынышты қалай ұйықтаймын енді?-.


50 ком жинаңдарш оқысаңдар қызық фф , оқымасаңдар мне пофик