Get Mystery Box with random crypto!

Зул-хиджа айының алғашқы 10 күні «Фәжр» сүресі, 2-3-аяттар | Daguat Media

Зул-хиджа айының алғашқы 10 күні

«Фәжр» сүресі, 2-3-аяттар

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Алла алдында Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ», – деген.

Сахабалар: «Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Алла жолындағы жиһадтан да құнды ма?» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Иә, жиһадтан да құнды. Бірақ, жанын, малын аямай соғысқа барып, кейін дымсыз қайтқан адамның жиһады өте құнды болады», – деп жауап берген.

«Ибн Умар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді:

«Алланың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ.

Бұл күндері таһлилді (Лә иләһә илләллаһ), тәсбихті (Субханаллаһ), тахмидті (әлхамдулиллаһ), және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!»