Get Mystery Box with random crypto!

Табыс септігінің жалғауы. ~을/를 [~ыль/рыль] а) ~를 пад | Корей тілін үйрену🇰🇷🤍

Табыс септігінің жалғауы. ~을/를 [~ыль/рыль]

а) ~를 падчимсіз буынға тіркеледі.
Мысалы: 차를 마십니다. - Шай ішіп отырмын.

б) ~을 падчимі бар буынға тіркеледі.
Мысалы: 책을 읽습니가. - Кітап оқып отырмын.

Жаңа сөздер:
차 [чха] - шай
읽다 [илькта] - оқу
음악 [ымак] - музыка
커피 [кхопхи] - кофе
책 [чхек] - кітап
노래 [норе] - ән
노래를 부르다 [норерыль бурыда] - ән айту
옷 [от] - одежда
신문 [шинмун] - газет
영화 [ёңхва] - кино, фильм
그림 [кырим] - картина, сурет
텔레비전 [теллебиджон] - теледидар
사다 [сада] - сатып алу
신발 [шинбаль] - аяқ киім
아이스크림 [аисыкырим] - балмұздақ

Енді тапсырма! Төмендегі жеңіл сөйлемдерді кәріс тіліне аударып көріңіз.

Мысалы:
- Не істеп отырсыз? (무엇을 합니까?)
- Ән айтып отырмын. (노래를 부릅니다.)
- Киініп жатырмын. (옷을 입습니다.)

Енді, Сіздің кезегіңіз.

1) - Не көріп отырсыз?
- Фильм көріп отырмын.
- Газет оқып (тікелей. "көріп") отырмын.
- Суретке қарап отырмын.
- Теледидар көріп отырмын.

2) - Не тыңдап отырсыз?
- Ән тыңдап отырмын.

3) - Не сатып алып жатырсыз?
- Аяқ киім сатып алып жатырмын.

4) - Не жеп отырсыз?
- Балмұздақ жеп отырмын.

5) - Не ішіп отырсыз?
- Кофе ішіп отырмын.