Get Mystery Box with random crypto!

ЕРЕЖЕ 하다[хада] етістіктері Іс-әрекет етістіктерінің басы | Корей тілін үйрену🇰🇷🤍

ЕРЕЖЕ
하다[хада] етістіктері

Іс-әрекет етістіктерінің басым көпшілігі зат есімге 하다 [хада] (жасау) жалғау арқылы жасалады. Мысалы 공부 [коңбу] (сабақ) сөзіне 하다 етістігін жалғасақ, 공부하다 [коңбу(х)ада] (сабақ оқу, оқу) етістігі пайда болады. 하다 етістігі арқылы жасалған етістіктер сөз құрамындағы зат есімге табыс септігінің ~을/를 [ыль/рыль] жалғау арқылы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда екі сөз бөлек жазылады.

Мысалы:
무엇을 합니까? [муосыль хамникка] - Не істеп отырсыз?
- 공부합니다 [коңбухамнида] (= 공부를 합니다) [коңбурыль хамнида] - Сабақ оқып отырмын.
- 이야기합니다 [ияги(х)амнида] (= 이야기를 합니다) [иягирыль хамнида] - Сөйлесіп отырмын.

Ал енді 청소 және 일 зат есімдерінен өздеріңіз етістік жасап көріңіз.

Жаңа сөздер:
이야기 [ияги] - әңгіме
이야기(를) 하다 [ияги(рыль) хада] - сөйлесу, айту
청소 [чхоңсу] - жинау
일 [иль] - жұмыс