Get Mystery Box with random crypto!

Астанов пен Кеңесов топ клубтың қатарын толықтырып қалуы мүмкі | Kommentator_Maulen

Астанов пен Кеңесов топ клубтың қатарын толықтырып қалуы мүмкін

"Астана" ФК жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов пен "Ақтөбе" ФК хавбекі Арман Кеңесов "Бешикташ" клубының назарын өздеріне аударды.

Түрік ұжымы Бақтиер Зайнутдиновтан бөлек бұл екі ойыншыға қызығып отыр екен. Жақын аралықта ресми ұсыныстар жасалуы ғажап емес.

Еске салайық, Эльхан осы жылдың наурыз айында "Ордабасы" сапынан "Астанаға" ауысқан болатын. Елордалық ұжымда ол барлығы 19 ойын өткізіп, 4 гол мен 1 голдық пас берді.

Арман Кеңесов болса ел аумағынан тыс жерде өнер көрсетіп үлгерген. 2020 жылы хавбек ресейлік "СКА-Хабаровск командасына барып, тәжірибе жинап қайтқан еді. 2022 жылдан бері Арман "Ақтөбенің" намысын қорғап келеді.