Get Mystery Box with random crypto!

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты. Ө | Kommentator_Maulen

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

Өткен жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Елена басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Елена бірден брейк жасап, алға кетті – 6:2.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, есеп 5:5 болып, Рыбакина доп бергенде, Корне медициналық көмекке жүгінді. Тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 89-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кездеседі.