Get Mystery Box with random crypto!

Бахаға қызықпаған түріктің командасы қалды ма? 'Трабзонспор | Kommentator_Maulen

Бахаға қызықпаған түріктің командасы қалды ма?

"Трабзонспор" командасы Мәскеулік ЦСКА ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновқа талас жүргізетін болады.

Түркиялық команда отандасымызды бір жылға жалға алуды көздеуде.

Еске салайық, бұған дейін Бақтиерға "Бешикташ" командасы ұсыныс жасаған болатын. Олар жартылай қорғаушы тиесілі ЦСКА-ға 5 млн еуро береміз деп өз шама-шарқын айқындап қойған еді.

Кей деректерге сенсек, "Галатасарай" Зайнутдиновты өз командасынан көргісі келеді екен. Футболшыға таласта "Эйр Астана" әуе компаниясы көмек беретіні белгілі болды. Қазақстандық компания "Галатасарай" ұжымының демеушісі!