Get Mystery Box with random crypto!

Артем Беседин тақырыбын одан әрі жалғай отырайын. Украиналық ж | Kommentator_Maulen

Артем Беседин тақырыбын одан әрі жалғай отырайын. Украиналық журналисттер мен блогерлер бұл шабуылшыны интернет мемге айналдырып жіберген екен. "Гол салмайтын шабуылшы" деп айтады-мыс. 2016 жылы ол "Динамо" Киев сапында негізгі құрамда алаңға шығып, "Бешикташ" қақпасына гол салады. Бұл чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойын еді. Одан бөлек іріктеу кезінде "Славия" Прага қақпасына гол салыпты. Украина құрамасы сапында 2 рет іріктеу кезеңінде гол салған. Жалпы 19 ойын өткізген. Андрей Шевченко оны үнемі Яремчуктың орнына алаңға шығарып жүрген. Екеуінің ойын мәнері бір-біріне ұқсас. Ірі денелі, допқа таласады, кеудесін қойып қалады, баспен гол салады. Бір сөзбен айтқанда - таран. Еуро 2020 додасында Беседин Яремчуктың орнына алаңға шығады да Швециялықтармен қақтығысып ауыр жарақат алады. Сосын жарты жыл футбол ойнамайды. Оның алдында допингпен ұсталып қалып, біршама уақыт футболдан шеттетіледі. Жалпы айтар болсам, шымкенттік жанкүйерлер Бесединнен бірден гол күтпесін. Бұл әр матч сайын гол салып тұратын сұрмерген шабуылшы емес. Ол командалық футболшы. Александр Седнев оны басқа қырынан пайдаланалды. Яғни, шабуыл шебінде доп ұстап, әріптестеріне дер кезінде пас беріп тұратын адам болса жеткілікті. Стандарт кезінде оның ірі денесі пайдасын тигізеді. Құдды бір Оливье Жиру секілді ғой. Топырлатып гол салмаса да командасына зор пайда береді. Бұл да сондай болады деген үміт бар. Аз қаржыға Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпионатында ойнаған футболшы табу қиын. Қай-қайдағы Мркич пен Зркичтерді алғанша осындай аты бар, заты бар футболшы алғаны да жөн ғой деп отырмын. Бірақ, соңғы кездері анау Садовский деген ғаламат ойнап жүр. Бесендинмен бірге шабуылға бәсекелестік келді деген сөз.