Get Mystery Box with random crypto!

'Галатасарай' Суперлига аясында өткізген соңғы 14 ойынында жең | Kommentator_Maulen

"Галатасарай" Суперлига аясында өткізген соңғы 14 ойынында жеңілмей келеді

Түркия біріншілігінде Окан Бурук шәкірттері жаппай дараланып келеді. Олар азуын айға білеген "Бешикташ" пен "Фенербахчені" 10 ұпайға артта қалдырды.

Жалпы бұл командаға өңшен жұлдыздар жиналған. Ыдырыс Мертенс, Хуан Мата, Мауро Икарди, Николо Дзаньоло және Сержиу Оливейра түркиялық команданың ойынын жақсы жаққа өзгертті.

Биылғы еурокубок бәсекесіне "Башакшехирлердің" орнына бабында жүрген осы "Галатасарай" қатысуы керек еді.

@kommentator_maulen