Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Ин | Kommentator_Maulen

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші доданың алғашқы айналымында, дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған, 2020 Аустралия ашық чемпионтының жеңімпазы америкалық София Кенинмен кездесті.

Елена екі сағатқа созылған матчта қарсыласынан 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 22 ракеткасы, осы турнирдің 2021 жылғы жеңімпазы, Испания өкілі Паула Бадоса неесе рейтингте 88-орындағы тағы бір испаниялық Парризас Диас біреуімен шеберлік байқасады.