Get Mystery Box with random crypto!

Есірткі қылмысына қатысушыларды құрықтау туралы Ұлттық қауіп | ҚР ҰҚК / КНБ РК 🇰🇿

Есірткі қылмысына қатысушыларды құрықтау туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетін жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны іске асырды.

Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынды.

Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта, Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.

Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, сонымен қатар ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды.

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
________________________________

О задержании участников наркогруппы

Комитетом национальной безопасности реализована операция по пресечению противоправной деятельности наркогруппы, причастной к сбыту особо крупных объемов макового сырья в различных регионах страны.

По результатам оперативной разработки в
г. Петропавловск задержаны пособники наркогруппировки, у которых изъято около 5,5 тонн данного опиата.

В рамках второго этапа операции, при получении 1 тонны макового сырья в г. Усть-Каменогорск был задержан наркокурьер.

Одновременно, в г. Караганда оперативниками КНБ взяты под стражу организаторы наркогруппы, которые хранили в арендованных складских помещениях более 10 тонн наркотического сырья.

В ходе обысков у участников наркогруппы дополнительно обнаружены и изъяты травматическое и холодное оружие, а также денежные средства в особо крупных размерах.

Предварительным следствием установлено, что опиаты под видом пищевой продукции поступали на территорию Казахстана из-за рубежа и реализовывались в среде наркозависимых лиц.

Общее количество изъятых наркотиков составило свыше 16 тонн. Проводятся дальнейшие следственно-оперативные действия.

Работа по борьбе с наркобизнесом продолжается.

Пресс-служба КНБ РК
__________________________________________________________

ҚР ҰҚК ресми өкілінің есірткі қылмысына қатысушыларды құрықтау туралы баяндамасы




_________________________________________________________

Выступление официального представителя КНБ РК о задержании участников наркогруппы