Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» инвесторларға арнап климаттық ақпаратын жариялад | ҚазМұнайГаз

«ҚазМұнайГаз» инвесторларға арнап климаттық ақпаратын жариялады

Шілденің 29-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Көміртегінің есептілігі жобасы» (The Carbon Disclosure Project) жаһандық климаттық бастамасы аясындағы 2021 жылғы парник газдарының шығарындысы бойынша, сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы ерікті есептілігін жариялады.

Халықаралық климат есептілігін жетілдіру – 2022-2031 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының төменкөміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру басымдығының бірі. ҚМГ барлық активтері бойынша парник газдарының тікелей және жанама шығарындысы туралы, судың ізі туралы деректерді ерікті түрде ашып көрсетеді, олардың тәуелсіз верификациясын жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық қауымдастықпен климаттың өзгеруі және суды сақтау мәселелеріне қатысты корпоративтік стратегиясы туралы ақпаратпен, парник газдарының шығарындыларын және су ресурстарын басқарудағы нәтижесімен, негізгі тәуекелдері және мүмкіндіктерімен бөлісіп отырады.

ҚМГ TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) қағидаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты қаржы жарияланымының есебін енгізу ниеті туралы ресми мәлімдеді. Онда климат тәуекелдері және олардың компанияның қызметіне қаржылық әсері бағаланады. ҚМГ ынталандыру тетіктерін құру және инвестициялық шешім қабылдауға ықпал ету мақсатында көміртегіге ішкі бағаны белгілеудің тұжырымдамасын әзірлеуге де ниетті.

Бұл жұмыс тұрақты даму және ESG қағидаттарын енгізу бойынша есептілікті қолдау үшін жүргізілуде. Көпшілікке экологиялық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету және Компанияның табиғатты қорғау саласындағы жұртшылық, акционерлер, мүдделі мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдындағы ашықтығы Компанияның Экологиялық саясатының және ҚМГ-ның тұрақты даму саласындағы саясатының постулатының бірі болып табылады.

Парник газдарының шығарындысын азайтуға және су ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған саясаттары мен іс-шаралары жөніндегі ақпаратты аша отырып, Компания өзінің ашықтығын және бизнесті экономикалық тиімділік қағидаттарына сәйкес қана емес, сонымен қатар тұрақты даму талаптарын және Париж келісімінің мақсаттарына сай болу ынтасын ескере отырып жүргізетінін мәлімдейді.

CDP сауалнамаларын мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/kaz/investoram/reporting-and-financial-result/.