Get Mystery Box with random crypto!

«KPI Inc.» ЖШС қызметкерлері арнайы бағдарлама арқылы баспанал | ҚазМұнайГаз

«KPI Inc.» ЖШС қызметкерлері арнайы бағдарлама арқылы баспаналы болды

28 шілде күні «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС қызметкерлеріне Атырау қаласындағы «Француз орамы» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлердің кілті табысталды.

Салтанатты рәсімге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесов қатысты.

Өндіріске іскер мамандарды тарту және оларды ынталандыру мақсатында «KPI Inc.» ЖШС тұрғын үй бағдарламасын дайындаған. Жаңа тұрғын үй пайызсыз және бастапқы жарнасыз бөліп төлеу арқылы беріледі.

«Жақын арада елімізде үлкен өндіріс — полипропилен өндіретін зауыт іске қосылады. Болашақта оны тұрақты пайдалану үшін бізге қызметкерлердің мол тәжірибесі мен сабақтастығы өте маңызды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» және KPI компаниясы арнайы тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп, өндірістегі қызметкерлерге қолдау көрсету және қажетті жағдай жасау үшін жаңа пәтерлерді ұсынды», - деп атап өтті М. Мырзағалиев.

Жайық өзенінің жағасында орналасқан аз қабатты тұрғын үй кешенінің 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлері таза, әрленген күйінде тапсырылды.

Абаттандырылған аулада балалар алаңы, баскетбол-волейбол спорт алаңдары және жеке қазандығы орнатылған.

Атырауға сапары барысында М.Мырзағалиев полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС зауытына да барды.

Онда пропиленді полимерлеу, қоймада пропан мен дайын өнімді сақтау (буып-түю және буып-түю торабы), орталық операторлық және әкімшілік-тұрмыстық корпус жұмысымен танысты.

Қазіргі уақытта жобаның жалпы прогресі 99,40%-ды құрайды, зауытта іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіре алады.

Толығырақ: https://clck.ru/sQky5