Get Mystery Box with random crypto!

ҚМГ басшысы Теңіздегі үшінші буын зауытына барды Жаңа зауыт ар | ҚазМұнайГаз

ҚМГ басшысы Теңіздегі үшінші буын зауытына барды
Жаңа зауыт арқылы ТШО мұнай өндірісі 12 млн. тоннаға артады

2022 жылдың 28 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон Теңіздегі Үшінші Буын Зауытын (ҮБЗ) және Біріктірілген өндірісті басқару орталығын (БӨБО): «Болашақ Кеңейту Жобасы - Сағалық қысымды басқару жобасы» (БКЖ СҚБЖ) нысандарын көріп шықты.

««ҚазМұнайГаз» үшін – «Теңіз» стратегиялық актив, ол еліміздің батыс өңірі үшін және жалпы ел экономикасының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазіргі уақытта негізгі міндеттердің бірі – «Болашақ Кеңейту Жобасы - Сағалық қысымды басқару жобасын» (БКЖ СҚБЖ) уақтылы жүзеге асыру. Бұдан басқа, 2022-2023 жылдары персоналдың жоспарланып отырған ауқымды демобилизациясы кезеңінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын атап өту қажет. Бұл мәселеде Теңізшевройл тиісті органдармен және жергілікті атқарушы билікпен бірлескен үйлесімді жұмыс жүргізеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта БКЖ/СҚБЖ 92,2% - ға аяқталды. Жобаны іске қосу ТШО-ның мұнай өндірісін жылына 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, БКЖ/СҚБЖ іске асырыла бастағаннан бері қазақстандық компаниялардан жалпы сомасы 14,1 миллиард АҚШ долларына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Қалған жұмыстардың да көпшілігі ел ішінде жүзеге асатындықтан, бұл Қазақстан экономикасына оң серпін береді.

Толығырақ: https://clck.ru/sQixL