Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» басшысы М. Мырзағалиев Атырау МӨЗ барды 2022 жы | ҚазМұнайГаз

«ҚазМұнайГаз» басшысы М. Мырзағалиев Атырау МӨЗ барды

2022 жылғы 28 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ динамикалық жабдықтар мен қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.
М.Мырзағалиев кәсіпорын басшылығына қысқа мерзімде іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауды, жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және тұтынушыларға қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, штаттан тыс жағдайлардың қаупін одан әрі азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізу қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында зауыт сыртқы электр желілерінен ажырап, салдарынан АМӨЗ жұмысы толық тоқтап қалды.
Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Шикізатты өңдеуді бастау 28 шілде күні кешке жоспарланған.