Get Mystery Box with random crypto!

Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді 27 шілде кү | ҚазМұнайГаз

Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді

27 шілде күні сағат 22.00-ден кейін Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

Сол күні сағат 23.00-де электр энергиясын төмендету себебінен тоқтатылған зауыт қондырғыларында жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі анықталады.

Қазіргі уақытта технологиялық ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Қондырғыларға шикізат беруді 28-шілде күні кешке жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Атырау МӨЗ электр энергиясының кернеуін төмендету тіркелген болатын, соның салдарынан зауыт "KEGOC"АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап, зауыт жұмысы тоқтап қалған болатын.