Get Mystery Box with random crypto!

ҚМГ және Транснефть: мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтасты | ҚазМұнайГаз

ҚМГ және Транснефть: мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастық

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев маусымның 30-ы күні Мәскеу қаласында «Транснефть» ЖАҚ Президенті Николай Токаревпен кездесті.

Тараптар Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) қазақстандық мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтің өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік үшін КҚК жобасының маңыздылығына да тоқталды. М.Мырзағалиев «Транснефть» компаниясы қазақстандық мұнайды тасымалдау мен транзиті саласындағы ҚМГ-ның ұзақ мерзімді және сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Кездесуде бірінші және екінші жылжымалы айлақ құрылғылары маңайын жарылғыш заттардан тазарту бойынша жүріп жатқан жұмыстарға байланысты КҚК теңіз терминалындағы қазіргі жағдайына айрықша ден қойылды. Кездесу барысында тараптарға екінші жылжымалы аймақ маңайын минадан тазарту жұмыстары аяқталуға жақын екендігі, шілденің 1-нен бастап мұнай құбыры екі айлақ арқылы жұмыс істейтіні айтылды.
________________

КМГ и Транснефть: сотрудничество в сфере транспортировки нефти

Председатель правления АО НК «КазМунайГаз» Магзум Мирзагалиев 30 июня 2022 года в г. Москве провел встречу с Президентом ПАО «Транснефть» Николаем Токаревым.

Стороны обсудили актуальные вопросы деятельности Каспийского Трубопроводного Консорциума (КТК) по транспортировке казахстанской нефти. Была отмечена важность проекта КТК для стратегического партнерства между Казахстаном и Россией. М.Мирзагалиев подчеркнул, что ПАО «Транснефть» является долгосрочным и надежным партнером КМГ в сфере транспортировки и транзита казахстанской нефти.


В ходе встречи особое внимание было уделено текущей ситуации на морском терминале КТК в связи с работами по разминированию особо опасных предметов в районе выносных причальных устройств ВПУ-1 и ВПУ-2. Во время встречи стороны были проинформированы о том, что проводимые работы по разминированию в районе ВПУ-2 завершаются, и уже с 1 июля нефтепровод будет работать с использованием двух ВПУ.