Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұлттық компаниясында Басқарма төрағасының | ҚазМұнайГаз

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұлттық компаниясында Басқарма төрағасының барлау және өндіру, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасарлар тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болып Құрманғазы Есқазиев тағайындалды. Ол операциялық активтерде мұнай мен газ өндіру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мен одан әрі дамыту, ҚМГ-ның ресурстық базасын кеңейту және кен орындарды рационалды игеру мәселелеріне жетекшілік етеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары болып Мұрат Мұнбаев тағайындалды. Ол ұлттық компанияның ірі жобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) қатысуына жетекшілік етеді.