Get Mystery Box with random crypto!

АҚТАУДАҒЫ «CASPI BITUM» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТАДЫ Маңғыстау обл | KMG Burgylau

АҚТАУДАҒЫ «CASPI BITUM» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТАДЫ

Маңғыстау облысындағы «Каспий битум» зауытының қуатын 1,5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Қазір зауыт жылына 400 мың тоннадай битум шығарса, болашақта 750 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша мұнай өңдеуді жылына 1 миллионнан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Жол битумын өндіретін кәсіпорынның қуатын толық пайдаланбай отырғанын Президент Үкіметтік кеңейтілген отырысында айтқан еді.

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Каспий битум» зауыты өткен жылы жаңғыртудан өтті. Оның өнімі еліміздегі барлық жол мен климаттық аймаққа сай келеді. Өңірге келген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке зауыт жұмысы таныстырылып, кәсіпорынның инновациялық өнімдерді қарқынды шығаруға бет бұрғаны айтылды.