Get Mystery Box with random crypto!

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғыртуға байланысты 5-шілде күні | KMG Burgylau

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғыртуға байланысты 5-шілде күні сағат 08:00 - ден бастап "Атырау-Индер" тас жолы жабылады.

Төрт жолақты жолдың ұзындығы-2 шақырым. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары "Атырау-Доссор" тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейін жүргізілетін болады. Жол құрылысын "Атырауинжстрой" мердігерлік ұйымы жүргізуде. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандарының айтуынша, қайта құру барысында асфальттың төменгі қабаттары толығымен алынып тасталады.

Сондай-ақ, жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы, 15 автобус аялдамасы және заманауи көше шамдарын орнату қарастырылған. Сонымен қатар, қалалық автобус маршруттарының қозғалысы уақытша өзгереді.