Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің қызметін жүргізетін өңірлерде әлеу | KMG Burgylau

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен және «Татнефть» ЖАҚ-пен бірлесіп, аймақтағы жұмыссыз азаматтарды Татарстан Республикасындағы Татнефть жобаларына еңбекке тарту жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Татнефть компаниясы 500-ге тарта адамды жұмыспен қамтуға дайын, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану және барлау, күрделі жөндеу бұрғышылары, бұрғышының көмекшілері, машинист, слесарь, электр дәнекерлеуші, көлік жүргізуші және басқа да мамандарды жұмысқа қабылдайды.

https://sknews.kz/news/view/kmg-mangystaulyktardy-tatneftyke-ghymyska-ornalastyruga-komek-beredi