Get Mystery Box with random crypto!

Әріптестер, қайырлы күн, барлығыңызға белгілі, компания жұмыс | KMG Burgylau

Әріптестер, қайырлы күн, барлығыңызға белгілі, компания жұмыс процесін жақсарту үшін «Кайдзен ұсыныстарын беру ережелерін» енгізді. Компаниядағы қызметкерлердің Кайдзен ұсыныстары қазірдің өзінде жемісін беруде.

2021 жылы Кайдзен ұсынысын берген қызметкерлердің бірі, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және электроника бойынша бас маман Аслан Базарбаев тәжірибеде жүзеге асырылған Кайдзен ұсынысы үшін 50 мың теңге сыйақы алды.

Аслан бұрғылау қондырғыларында тиімсіз сынапты шамдар орнатылғанын жазды. Оның айтуынша, шамдардың жарықтығы төмен болғанымен, электр энергиясын тұтынуы тым көп. Ол құрамында сынабы бар шамдардың қауіпін де ескерді.

Оның ұсынысы – бұрғылау қондырғыларына жарықдиодты жолақтарды орнату және құрамында сынап бар шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру. Ұсынылған есептеулерден кейін компания басшылығы осы жарықдиодты шамдарды сатып алу экономикалық пайда әкеледі деп шешті:

Жарықдиодты шамдарды 4 жыл бойы (қызмет мерзімі) 1 бұрғылау қондырғысында пайдаланған кезде үнемдеу 584 мың теңгені құраса, мұндай шамдарды 9 бұрғылау қондырғысына орнатқанда 5 256 000 теңге үнемделеді. Бүгінге дейін өндіріс орындарынан 215 дана көлеміндегі люминесцентті лампалардың қалдықтары шығарылып, утилизацияланды, енді люминесцентті лампалар сатып алынбайды. Олардың орнына 550 дана жарықдиодты шамдар алынып, орнатылды.

Айта кету керек, қазір бұрғылау қондырғыларының 80 пайыздан астамында жарықдиодты шамдар орнатылған және енді тек осы шамдар сатып алынады.

Коллеги добрый день, как известно всем в компании внедрена и продолжается процесс внедрения системы « Правил-подачи Кайдзен-предложений» для усовершенствования процесса работ. Кайдзен-предложения поступившие от сотрудников в компании уже приносят свои результаты.

Один из сотрудников подавший в 2021 году Кайдзен-предложение, главный специалист КИПиА и электроники Аслан Базарбаев получил бонус в размере 50 тыс.тенге за реализованное на практике Кайдзен-предложение.

Аслан оценил, что на вышках буровых установок установлены неэффективные мощные ртутьсодержащие лампы со светильниками. По его словам, не смотря на низкую яркость ламп,потребление электроэнергии слишком высокая. Также Аслан учел опасность в ртутьсодержащих ламп.

Его предложение: установить светодиодные ленты на вышках буровых установок и заменить с ртутьсодержащих ламп на светодиодные лампы. После предоставленных подсчетов, руководство компании приняло решение, что приобретение данных светодиодных ламп принесет экономический эффект от внедрения:

Экономия при использовании светодиодных ламп за 4 года(срок эксплуатации) на 1 буровой вышке составляет 584 тыс.тенге, при установке таких ламп на 9 вышках экономия составит 5.256.000 тенге. С производственных объектов было вывезены и утилизированы отработанные люминесцентные лампы в количестве 215 штук, закуп люминисцентных ламп не осуществляется .Закуплено и установлено 550 штук светодиодных ламп.

Стоит отметить, что на 2022год более чем на 80% буровых установок произведен монтаж светодиодных ламп и производится закуп только данных ламп.