Get Mystery Box with random crypto!

«ҚазМұнайГаз» компаниясының Ақтау қаласында өкілдігі ашылды Ө | KMG Burgylau

«ҚазМұнайГаз» компаниясының Ақтау қаласында өкілдігі ашылды

Өкілдіктің ашылуына ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысып, қызметтік офистің маңызды міндеті туралы айтты.
«Біз Маңғыстау облысында өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында бірқатар бастаманы іске асырып жатырмыз. Сондай-ақ мұнай мен газ қорларын ұлғайту және өндіру бойынша инвестициялық жобаларды жүргізудеміз. Бүгін Ақтауда ашылған офистің алдында маңызды міндеттер тұр. Оның үстіне компанияның топ-менеджменті мен мамандарының дәл осы жерде жұмыс істеуі өндірістік және әлеуметтік мәселелерді жедел әрі барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деді М.Мырзағалиев өкілдіктің ашылуында.

Компанияның жаңа өкілдігі жергілікті органдармен өзара іс-қимыл жасау, тұрғындарды жұмыспен қамтуды үйлестіру, өндірістік бағдарламаларды бақылау, кадр мәселелері және өтініштерді қабылдау бағыттары бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.
Өкілділікті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев басқарады.

Сондай-ақ ҚМГ басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде өңірдегі өндіріс нысандарын аралады.
Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындар басшылары Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында атқарылатын әлеуметтік жобалар мен шаралардың қазіргі барысы туралы баяндады.
Аталған кешенді жоспар аясында ҚМГ-ның қатысуымен өңірде жалпы сомасы 425 млрд теңге болатын 22 жоба мен шара жүзеге аспақ.