Get Mystery Box with random crypto!

Жұмыс беруші өзіңізге қанша жалақы есептегенін қалай тексеруге | KMG Burgylau

Жұмыс беруші өзіңізге қанша жалақы есептегенін қалай тексеруге болады?

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобилді қосымшасында «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты.

Бұл желі арқылы жұмыс берушінің қызметкерге қашан, қандай көлемде зейнетақы жарнасын, жеке табыс салығын аударғанын және міндетті әлеуметтік аударымдар қай кезде жасалғанын білуге болады. Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап аударылған салық төлемдерін қамтиды.

Осы деректерді көру үшін:

электрондық цифрлық қолтаңба қажет;
немесе телефонға SMS-хабарламамен жіберілетін пароль арқылы қосымшаға кіру керек;
содан кейін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бөлігіне өтіп;
жыл мен кезеңді таңдау қажет.