Get Mystery Box with random crypto!

Жасанды интеллект обьективті жаңалық жазуды үйренді Қытай, Үн | Қазақша Уикипедия

Жасанды интеллект обьективті жаңалық жазуды үйренді

Қытай, Үндістан, Канада және Аустралия зерттеушілері мақаланы барынша обьективті ететін Python пакетін (Python — бағдарлама тілі) жасады. Бұл туралы SecurityLab сайты хабарлады.

Debian деп аталатын жүйе мәтінді объективті болғанша түзейді. Мәтінді тексеру үшін Debian арнайы үш сатылы жұмыс процесін құрып, мәліметтер базасын қолданады.

Бірінші кезеңде жүйе мәтіннің қаншалықты нейтралды жазылғанын анықтайды. Оны анықтау үшін Google компаниясының нейрондық желі моделімен жұмыс істейтін DistilBERT пакетін қолданады.

Екінші кезеңде Named Entity Recognition (NBAR) көмегімен объективті емес сөздерді анықтайды.

Ал үшінші кезеңде жүйе объективті емес сөздер мен сөз тіркестерін арнайы MLM моделі арқылы жояды.

P.S. Қазақша Уикипедияда көптеген мақалалар бейтарап жазылмаған, жасанды интеллект барлық мақалаларды бейтараптап берсе күшті болар еді .

https://kk.wikipedia.org/wiki/Жасанды_интеллект