Get Mystery Box with random crypto!

Орман бозторғайы (лат Lullula arborea) — Бозторғайлар тұқымдас | Қазақша Уикипедия

Орман бозторғайы (лат Lullula arborea) — Бозторғайлар тұқымдасының орман бозторғайлар туысының жалғыз түрі. «Лю-лб-лю-лю» деп жиі қайталайтын әдемі әуезі үшін «юла» деген екінші атау берілген. Бұл шағын денелі (20-30 грамм) , біршама қысқа құйрықты бозторғай. Қауырсын жабыны бозторғайларға тән сұр түсті, басқа бозторғайлардан айырмашылығы өзі өмір сүретін орман шетіндегі ағаш бұтақтарына қонақтауға әуес. Алайда ұясын шұңқырланған жерге салады.

Таралуы
Қазақстанда тек қана ең солтүстік – батыс шегінде, Оралдың солтүстігіне қарай Жайық өзенінің аңғарынан кездесуі мүмкін. Бұл да басқа бозторғайлар сияқты жыл құсы. Өсімдіктердің тұқымы және бунақденелілермен қоректенеді. Аз зерттелген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Орман_бозторғайы

Құстың сайрауы мен бұл текстің дыбысталуы төменде берілген: