Get Mystery Box with random crypto!

Биыл Қазақстан әйгілі Wiki Loves Earth фотобайқауында дебют жа | Қазақша Уикипедия

Биыл Қазақстан әйгілі Wiki Loves Earth фотобайқауында дебют жасайды. Бұл байқау табиғи мұра нысандарына арналған және бүкіл әлем бойынша өтеді: биыл 37 мемлекет қатысады, Қазақстан да солардың бірі!

Негізгі талаптар:

1. Қазақстандағы табиғи мұра нысандарын суретке түсіріңіз және Wikimedia Commons (Ортаққор) сайтына жүктеңіз.

2. Тек аталған нысандар ғана қабылданады. Нысандардың тізімін ұйымдастырушылар үш тілде ұсынады:
қазақ, орыс және ағылшын.

3. Сіз фотосуреттерді өзіңіз түсіруіңіз керек және оларды CC-BY-SA-4.0 сияқты еркін лицензия бойынша шығаруыңыз керек.

4. Фотосуреттерді кез келген уақытта түсіруге болады, бірақ 15 маусым, 00:00 және 15 шілде, 23:59 (UTC+6) аралығында
Ортаққорда жариялау керек.

Жүлделер қазір талқыланып жатыр, жоспарланған жүлде қоры 350 000 теңге.
Қазылар алқасы таңдаған барлық суреттер халықаралық турға қатысады, олардың да жеңіске жету мүмкіндігі бар.

Толығырақ: https://commons.wikimedia.org/wiki/Commons:Wiki_Loves_Earth_2022_in_Kazakhstan/kk

Бас үйлестіруші: Қайыржан