Get Mystery Box with random crypto!

Неге мұсылмандарға көмектеспей жатыр? #қазіргіжағдайғабайлыны | 📚 Кітаптар_әлемі 📚

Неге мұсылмандарға көмектеспей жатыр?

#қазіргіжағдайғабайлыныстыойым

Кім көмектесу керек? Батыс па, Европа, Америка ма? Ең алдымен олар осыған дейін жапа шеккен мемлекеттерге не үшін көмектескенін түсіну керек. Бірінші кезекте өз бас пайдалары үшін. Егер бір мемлекетпен, басқа бір ел соғысып жатса, ол батыс үшін айтарлықтай қауіпті/пайдалы болуы тиіс. Мейлі ол экономикалық жағынан, мейлі ол өздерінің болашақтағы қандай да бір арманын орындау үшін... Сонда ғана олар қандай да бір іс-қимылға көше бастайды.

Украинаға не үшін көмектесіп жатыр?
Ресей - Дүниежүзіндегі алпауыттардың бірі. Өзі сияқты державаларға тікелей бәсекелес. Демек, оның әлсірегені біреулер үшін пайда, күшейгені қорқыныш.
Украина тікелей қақпа. Егер Путин діттегеніне тез әрі оңай жетсе, ары қарай жылжып, басқа елдерге басып кірмесіне кім кепіл?! Сол үшін Ресей өз шикізатын сата алмай, әскери тұрғыдан тағандап, орта Азияға күні қараса батыс қуанбай ма?

Палестина не болды?
Қаншама жылдан бері Таяу Шығыс елдері соғыстан көз ашпай келеді. Америка Иранды небір сылтаулармен айыптап, қаншама жылдар бомбалаған еді. Өйткені мұнайының қоры, қаруының күші мығым тұғын... Әлі де осал емес...
Уже норма сияқты
Тіпті бізге, мұсылмандардың қиналып жапа шеккені бір үйреншікті секілді. Йә, батыс оларға осындай образ жасап берді.

Мұсылмандар - бір сәт қолына қару алатын террорист, бір сәт Құдайынан жалбарынып көмек сұрайтын бір әлсіз қауым.
Қанша жерден жапа шегіп жатса да, құдды бір олар өздерінің тиісті жазасын алып жатқандай қабылдайды бәрі.
Еврейлер бір сәт бүкіл әлемнен жоқ болып кетсе, Дүниежүзі бәлкім, жүз жылдай артқа кері кетер. Израиль олардың отаны демесең, әлемнің дамуы үшін әртүрлі мемлекеттен қаншама үлес қосып жатыр олар. Сол үшін де жердегі барша халыққа ықпалды ұлттардың бірі. Палестиналық мұсылмандар үшін дұға етейік Алла кімдікінің дұрыс/бұрыс екендігін көріп тұр.
Ол - әділ төреші! Тиістілердің жазасын ерте ме, кеш пе міндетті түрде береді!

@kitaptar_alem