Get Mystery Box with random crypto!

Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе? Жауап: Ертең | 📚 Кітаптар_әлемі 📚

Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Ертең, яғни 2 ақпан (сәрсенбі) күні қасиетті үш айдың (Ражаб, Шабан, Рамазан) біріншісі – Ражаб (Ережеп) айы басталады. Дінімізде күндердің алдымен түні келеді, демек бүгінгі түн – қасиетті Ражаб айының алғашқы түні болып табылады, ал ертең алғашқы күні болады. Бұл айлардың қасиетін ретімен қысқаша айтып өтейік:



РАЖАБ АЙЫ: Қасиетті төрт айдың бірі. Бір аяти кәримада: «Аллаһтың аспан мен жерді жаратқан күнінен бері айлардың саны он екі. Олардың төртеуі харам (құрметті) айлар» делінген. (Тәубә 36)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам». (Ибн Жәрир)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында ораза тұтқандарды кешіреді». (Ғунйа)

«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толық ораза ұстағандай сауап беріледі». (Мифтахул-жәннә)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында жақсылығын арттырады. Бұл айда бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ұстағандай сауапқа кенеледі. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозақ есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқан адамға жәннаттың сегіз есігі ашылады. Он күн тұтқанға Аллаһу та'ала қалағанын береді. Он бес күн ораза ұстағанға бір хабаршы: «Өткен күнәларың кешірілді» дейді. Аллаһу та'ала Нұх алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол Ражаб айын оразамен өткізіп, қасындағылардың да ораза тұтуына бұйрық берді». (Табарани)

«Ражаб айында тақуалықпен бір күн ораза ұстаған адам үшін ораза ұсталған күндерге тіл бітіп: «Йа, Раббым, оны кешір» деп айтады». (Әбу Мұхаммед)



Сұрақ: «Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толық ұстағандай сауап беріледі» деп жазылған. Басы айдың 1-і, ортасы 15-і, соңы 30-ы деген сөз бе?

Жауап: Жоқ. Басында дегені – айдың алғашқы күндері деген сөз. Ортасы – айдың ортасындағы күндер, ал соңы – айдың соңғы күндері дегенді білдіреді.



ШАБАН АЙЫ: Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан ғапіл (хабарсыз) болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Ал мен амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын». (Нәсаи)

«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза». (Тирмизи)

«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та'ала жәннатта бір орын дайындайды». (Әюхәл уәләд ілімхалы)



РАМАЗАН АЙЫ: Хадис шәрифте былай делінген:

«Рамазан – мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, тозақ есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да қадірлі бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақұрым қалған адам барлық жақсылықтан мақұрым қалған болып саналады». (Нәсаи)

@kitaptar_alem