Get Mystery Box with random crypto!

Алматылық оқырмандарымыз әжептәуір екен ғой. Сіздер естіген бе | Кітапсүйер

Алматылық оқырмандарымыз әжептәуір екен ғой. Сіздер естіген бе едіңіздер? Алматы қаласында 12 маусым күні осы Кітапсүйер арнасының оқырмандары кездесу ұйымдастырып жатқанын.

Біз арнайы топта әңгімелесіп, кітап талқыласақ та өмірде жүзбе-жүз кездеспедік. Сондықтан арнайы жиналып жатырмыз. Чатта белсенді болмасаңыз да оқасы жоқ. Өмірде кездесіп, әңгімелесу деген бөлек нәрсе ғой. Әсіресе сіздер секілді білімге құштар, кітап оқитын жандармен жүздесу бір ғанибет қой.

Оқыған кітаптарымыз туралы әсерлерімізбен бөлісіп, өмір, махаббат, тұлғалық даму т.б тақырыптарда әңгіме өрбітеміз. Өлең оқып, ән айтып, бір "шайқас отырыс" жасайық. Келіңіз, біз сізді күтеміз. Жақсының қасындағы жарты сағат жаманның жарты ғұмырындай демеуші ме еді? Сіздер секілді жақсы жандармен жүздесуді асыға күтеміз.

Ізгі тілекпен: Кітапсүйер арнасының ұжымы

P/S. Кездесуге арнайы шақырылған ақын, жазушы қонақтарымыз бар. Алматылық кітапсүйер, білім құмар достарыңызға осы постты бөліссеңіз бір ғанибет емес пе?!