Get Mystery Box with random crypto!

Ешқашан ешқандай ешкімге, Жамандық тілеген емеспін. Сондықтан | Кітапсүйер

Ешқашан ешқандай ешкімге,
Жамандық тілеген емеспін.
Сондықтан бұл жалған бес күнде,
Тілдеуге хақы жоқ мені ешкім!

Өзімде жоқты мен басқада,
Болсыншы дейтұғын халықпын.
Басымда жалғыз бір баспана,
Ол дағы мүлкі әзір банктің.

Ғайбат деп білемін тілдесең,
Аттаған емеспін жіп ала.
Кеткені есте жоқ кімге есем,
Кетсе есең, мархабат, кінәла!

Періште емеспін, пендемін,
Татқаным бар еді күнәдан.
Қиянат жасасам - өлгенім,
Жақсылық жасасам - қуанам.

Кінәлап жатса егер білместер,
Шығарғын есебін теріске.
Жойылсын әлемде күндестер,
Жасасын адамдар-періште!

Ешқашан... ешқандай... ешкімге...

Дәурен Айманбетов