Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Насыр Әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған? А | Кітапgram

Әбу Насыр Әл-Фараби қай кітапты 100 мәрте қайталап оқыған?

Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің "Даңқ туралы" деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен:"Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым" деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбу Насыр Әл-Фараби екен.

Әбу-Насыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Кітапта жазылғанның мағынасын толық түсінгенше ерінбей қайталап оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына терең ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы ғылым әлемінің таңғажайып сырларын анықтаған екен.


https://t.me/kitappgram