Get Mystery Box with random crypto!

Ұлы адамдардың өмірін өзгерткен 10 кітап 1. Габриэл Гарсия Ма | Kitapal

Ұлы адамдардың өмірін өзгерткен 10 кітап

1. Габриэл Гарсия Маркесті өзгерткен «Превращение» кітабы, авторы Франц Кафка

Осы кітапты оқып, Маркес жазушы болам деген шешімге келеді. Ол әдетте ұйықтау үшін кітап оқитын, бірақ осы жолы бұл кітап оны ұйқысынан оятып жібергендей. Таң атысымен бірден жазу үстеліне отырады. Өзінің айтуы бойынша, Кафканың «Метаморфоз» кітабы оның өмірлік жолын сызып берген. Содан бастап ол бойына қонған шабытты сөндіріп алмас үшін үйінен шықпаған, университетке де бармаған.

2. Джоан Роулингті өзгерткен «Эмма» кітабы, авторы Джейн Остин

Фрэнк пен Джейннің арасындағы қарым-қатынастың құпиясы кітап біткенше оқырманды ұстап тұрады. Автор Остиннің осы шеберлігі Роулинге қанат бітірген. Ол өзі де дәл осындай интрига тудыратын шығарма жазғысы келген. Бұл мақсатына «Кездейсоқ вакансия» кітабында қол жеткізген деп ойлаймыз.


3. Альберт Эйнштейнді өзгерткен «Адам табиғаты туралы трактат» еңбегі, авторы Дэвид Юм

Бұл кітап үш бөлімнен тұрады: «Таным туралы», «Жан күйзелісі туралы», «Ғибрат туралы». Бірінші еңбегінде философ Юм уақыт, кеңістік, білім, ықтималдық, себеп пен салдар сияқты түсініктердің салыстырмалылығы туралы жазады.

Осы еңбектен шабыттанған Эйнштейн атақты «Салыстырмалылық теориясын» құрастырған. «Осы еңбекті оқымағанда, қазіргі ғылыми еңбектеріме қол жеткізбес едім» деп мойындаған.


4. Сергей Бринді өзгерткен «Сіз әзілдеп тұрған боларсыз, Фейнман мырза» кітабы

Сергей – миллиардер, Google-дың атасы. Ол Нобель сыйлығын алған Ричард Фейнманның автобиографиясын оқып, жаңалықтарға үйір болады. Шығармашылық қабілетін дамытуға күш салады. Осылай өмірге Google іздеу жүйесі келген.


5. Курт Кобейнді өзгерткен «Парфюмер» кітабы, авторы Патрик Зюскинд

Атақты «Нирвана» рок группасының әншісі Курт «Парфюмер» кітабын кем дегенде 10 рет оқыған. «Оны оқымай тұра алмаймын. Мені жібермей ұстап тұрады. Ішкі әлемімді сыртқа шығарып жібергендей болады» деген екен әнші.


6. Марк Цукербергті өзгерткен «Энеида» кітабы, авторы Вергилия

«Энеида» кітабында Энеи есімді троялық қаһарман Италияға халқымен көшіп келіп, Лавиний қаласын тұрғызады. Бұл қаланың уақыт бойынша шегі жоқ, ұлылығы мәңгі. Дәл осы эпизод Марктің өміріне қатты әсер етеді. Тұп-тура Энеи секілді бұл да шегі жоқ Facebook деген виртуалды қала тұрғызып, ұлылыққа жетті.


7. Мэрилин Монроны өзгерткен «Улисс» кітабы, авторы Джеймс Джойс

Монроның осы кітапты оқып отырған суреті ең танымал суреттердің біріне жатады. «Ол бұл кітапты көлігінде сақтайды, қолы қалт етсе оқып жүреді. Оған кітаптың қалай жазылғаны ұнайды. Сондықтан оны дауыстап оқитын» дейді оның фотографы.

Осы сурет арқылы «блондинкалар ақылды емес» деген таптаурынды бұзды. Оның жеке кітапханасында интеллектуалдық, психологиялық кітаптар сіресіп тұрады екен.


8. Михаил Булгаковты өзгерткен «Саардамдық ағаш ұстасы» кітабы, авторы Петр Фурман

Оның айтуынша бұл кітап оның ең сүйікті шығармаларының бірі. Сондықтан үйде жиі оқыған. Бұл кітап оған бала кезінің, алаңсыз бақытты шағының белгісі іспеттес. «Бұл кітап мәңгі тұратын еңбектің бірі» деп бағалаған екен.


9. Иосиф Бродскийді өзгерткен «Йейтстің естеліктері» кітабы, авторы Уистен Оден

Бродскийге біреу ағылшын поэзиясының антологиясын сыйлаған екен. Сөздікпен оқи отырып, бір күні Оденнің өлеңдеріне көзі түседі. «Оның өлеңін оқығанда шағын күркенің қуықтай терезесінен сыртқа қарап, оқығанымды қорытуға тырыстым. Сонау 1939 жылы «Уақыт тілге сиынады» деп жазған Ақынның сөздеріне сене алмадым» деп ағынан жарылған.


10. Эрнест Хэмингуэйді өзгерткен «Соғыс және бейбітшілік» кітабы, авторы Лев Толстой

Барлық жазушының ішінен Эрнестке қатты әсер еткені осы кітап екен. Кітаптың ашықтығы, қоғамның дұшпандарын өткір әшкерелейтіні таңғалдырған. Хэмингуэй авторларды бокстың стилінде түсіндірген. «Мен Тургеневті жеңдім. Одан кейін де Мопассанды әзер дегенде құлаттым. Стендаль мырзамен екі рет итжығыс болды, бірақ соңғы раундта ұпаймен ұттым деп ойлаймын. Бірақ Толстоймен ешқашан рингке шықпас едім» деген екен.