Get Mystery Box with random crypto!

Чемпион болу оңай, чемпион боп өлу қиын Чемпиондық атақ яки б | Kitapal

Чемпион болу оңай, чемпион боп өлу қиын

Чемпиондық атақ яки белбеу – белгілі бір жетістікке, тағайындалған дәрежеге жеткен кезде берілетін мақтау-марапат. Чемпион болғанша, яғни, кез келген салада жетістікке жеткенше сізді ешкім мақтамайды, мақтамақ түгіл танымайды да. Сіз өзіңізді өзіңіз қамшылап, еңбек пен ақылыңызды екі жақтай отырып шыңға шығасыз.

Егер әу баста осы еңбекті, маңдайдан төккен тер мен сарқып сұрқып берген қайратыңызды «ел мақтасын, мен мақтанайын» деп жұмсаған болсаңыз, әлгі жетістікке жеткен жерде сіз жерленесіз. Әлгі мақтау-мадақты естігеннен кейін сізге ешқандай қызық қалмайды, бұдан кейін сізге шығатын шың жоқ сияқты көрінеді.

Сіз ол жерге жеткенге дейін өзіңізді өзіңіз бағалап «Демесін» деп келдіңіз, бір-екі жетістіктің дәмін татып, айналаңыздан марапат көріп, мақтау ести бастағанда босаңси бастайсыз. Неге?

Себебі өтірік-шыны араласқан мақтау мен мадақтар аяғыңызға тұсау. Енді сіз БОЛУ деген ұғымды артқа ысырып, КӨРІНУ үшін азап шегесіз. Себебі көрінудің дәмін таттыңыз, мақтау-мадақ майдай жақты. Ішкі үн, сырлы сыбыр алдады.

Төле би дана мұны «Жеттім десең – жығыласың, толдым десең – төгілесің» деп түйген.

(c) Ермек Есқожа
«Мазмұн» кітабынан үзінді