Get Mystery Box with random crypto!

​ Астанада Орталық Азияның медиатрансформация мәселелері талқы | КИСИ inform

Астанада Орталық Азияның медиатрансформация мәселелері талқыланды

2022 жылғы 20-21 желтоқсан күндері
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық Түркі академиясы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, БАҚ және т.б. бірқатар ұйымдар бірлесіп ұйымдастырған бірінші Орталық Азия медиафорумы өтті.

Екі күн бойы танымал сарапшылар медиа дамуының өзекті мәселелерін талқылап, саладағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Аймақта алғаш рет аймақтық бірегейлікті өлшеу, жаңа медианы дамыту, Орталық Азиядағы креативті индустрияның болашағы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аймақтық және жаһандық ынтымақтастық мүмкіндіктері, жасанды интеллект технологиясы, фейк жаңалықтар, медиасауаттылық мәселелері және БАҚ-тағы әйелдердің рөлі сияқты түрлі мәселелер талқыланды.

Форум аясында ұйымдастырылған «Медиа және think tanks: аналитиканың медиатрансформациясы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге ҚСЗИ сарапшылары қатысты. Іс-шараны ҚСЗИ бас сарапшысы Ескендір Ақылбаев жүргізді. Талқылауға «Валдай» халықаралық пікірталас клубын дамыту және қолдау қорының Басқарма төрағасы Андрей Быстрицкий, ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Умаров, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, «Media Damytý Qory» корпоративтік қорының Бас директоры Евгений Кочетов, сондай-ақ ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев қатысты.

Толығырақ kisi.kz сайтында