Get Mystery Box with random crypto!

​ Ашхабадта жаһандық және аймақтық аспектілердегі климаттың өз | КИСИ inform

Ашхабадта жаһандық және аймақтық аспектілердегі климаттың өзгеруі мәселелері талқыланды

2022 жылдың 9-12 желтоқсан аралығында Ашхабадта V Орталық Азиялық сарапшылар форумы өтті. Форумда климаттың өзгеруі, сондай-ақ азық-түлік секторы мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев қатысты. Ол өз сөзінде климаттың жылынуы және өндіріс көлемінің ұлғаюы шектеулі су ресурстарына қысымды күшейтетінін атап өтті.

«Қазіргі таңда Орталық Азияның бес елі – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда 76 миллионға жуық адам тұрады. 22 миллион адам, яғни аймақ халқының үштен бір бөлігіне қауіпсіз су қолжетімсіз. Бұл мәселе әсіресе ауылдық жерлерде өзекті. 2050 жылға қарай аймақ халқының саны 90-110 миллион адамға дейін өседі деп күтілуде. Урбанизацияның жалғасуы, климаттың жылынуы және өндірістің артуы шектеулі су ресурстарына кері әсер етеді.

Әсіресе жаһандық жылынудың салдарынан Орталық Азиядағы жағдай қиындауы мүмкін. Ғалымдар қазірдің өзінде 1,5 градустық шекті қолжетімсіз деп санайды. Ғаламшардағы орташа жылдық температура кем дегенде 2 градусқа көтерілуде. Бұл ретте Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі әлемдік орташа деңгейден асып түседі», – деді Санат Көшкімбаев.

Толығырақ kisi.kz сайтында