Get Mystery Box with random crypto!

1995 жылы қараша айында Қазақстанда «Республикалық референдум | «Хабар» телеарнасы

1995 жылы қараша айында Қазақстанда «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданған болатын. Содан бері Ата заңымызға төрт рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені ерекше атап өткен болатын. Ал референдум демократияның маңызды институты болып табылады.

2022 жылғы 5 маусым күні өтетін Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес өтетін республикалық референдумға он сегіз жасқа толған әрбір қазақстандық азамат қатысуға құқылы.

Референдумға азамат өз ықтиярымен қатысып және еркiн ашық бiлдiру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу әрі жасырын дауыс беру құқығымен қатыса алады.