Get Mystery Box with random crypto!

Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен стафилококк ан | «Хабар» телеарнасы

Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен стафилококк анықталды

Айта кетейік, 20-21 сәуір аралығында «Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің» КМК студенттері жаппай тамақтан уланған болатын. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды, дайын өнімнің барлық үлгілері микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Инфекцияның көзі қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері болуы мүмкін.