Get Mystery Box with random crypto!

Алдағы айда қазақстандықтарға жалға берілетін тұрғын үй субсид | «Хабар» телеарнасы

Алдағы айда қазақстандықтарға жалға берілетін тұрғын үй субсидиясы беріледі.

«Мемлекет басшысы тұрғын үйге мұқтаж жандарға арналған бағдарлама әзірлеуді жүктеген еді. Сол тапсырмаға сәйкес бүгінде жаңа бағдарлама іске қосылды. Бүгінде 601 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 215 мыңы — көпбалалы отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедек, жетім балалар және мүгедек баласы бар отбасылар. Одан бөлек, баспана кезегінде тұрған 70 мың азамат табысы төмен санатқа жатады. Осы аталған санаттағы азаматтарға мемлекет тұрғын үй жалдауға субсидия береді», - деді Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмас Ыдырысов