Get Mystery Box with random crypto!

Алманов Нұрбол «Ел арна» телеарнасының директоры қызметіне тағ | «Хабар» телеарнасы

Алманов Нұрбол «Ел арна» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Нұрбол Мейірханұлы - отандық тележурналистика саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі маман.

Ол «Таң», «НТК», «Қазақстан», «Хабар» сияқты республикалық телеарналарда жемісті еңбек етіп, бірқатар авторлық жобаларға жетекшілік еткен. Сонымен қатар, партия жұмысына белсенді араласып, қоғамдық-саяси салада мол тәжірибе жинады. Соңғы уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Жол активтері ұлттық сапа орталығының Қоғаммен байланыс департаментін басқарды.