Get Mystery Box with random crypto!

Келесі оқу жылы үшін жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерг | «Хабар» телеарнасы

Келесі оқу жылы үшін жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

«Соңғы бірнеше жыл ішінде грант саны 2 есеге көбейді. Биыл ең көп 73 мың грант қарастырылып отыр. Біз ҰБТ-ны цифрлық форматқа көшірдік және жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігін енгіздік. Бұл біздің талапкерлер үшін өте қолайлы жүйе. Оған қоса, 11-сынып бітірушілері шілдеде емес, қаңтар айынан бастап, оқуға шартты түсе алады. Бұл да өзге мемлекетке кетпеу үшін өте қолайлы шешімдердің бірі деп айтуға болады. Бірақ талаптар да күшейтіліп отыр, педагогика бойынша шекті балл 50-ден 75-ке дейін көтерілді. Медициналық бағыт бойынша – 70 және заң бағыттары бойынша – 75-ке дейін көтерілді», - деді А. Аймағамбетов.